Қоғамдық белсенділер хиджабты мектепте киюді қолдау үшін көпшіліктен қолтаңба жинауды ұйымдастырды.
Үндеу Демократор.ру. сайтында орналасқан. Белсенділер өздерінің Үндеуінде былай дейді: «Ресей, сенім бостандығы конституция арқылы бекітілген көп ұлтты әрі көп конфессиялы мемлекет. РФ-да қандай сенімде және ұрпағын қалай тәрбиелеуді әркім өзі шешеді».
Еске сала кетейік, бірде, Ставропол аймағындағы бір мектеп басшысы хиджаб киген бес оқушы қызды мектепке кіргізбей қойғаны үшін шатақ шығып, айқай-шуға айналған еді. Осы шатақтан кейін, мектепте жеке мектеп үлгісі енгізілген болатын.