Ирандықтар Бен Аффлектің «Операция «Арго» фильміне тойтарыс жауап ретінде жаңа фильмнің түсіріліміне дайындалып жатыр.
Бұл жаңа фильмнің режиссеры Атаолла Салманян. Режиссердың айтуынша, "Генеральный штаб" фильмі «Агро» фильміндегі Иран тарихы туралы жалған құпияларды әшкерелейді.
Бен Аффлектің «Операция «Арго» фильмі 1979 жылғы Ислам революциясынан кейінгі оқиғаларға арналып түсірілген. Онда АҚШ елшілігі қызметкерлері Тегеранда тұтқынға алынады. Аталмыш картинада Аффлек Иран әскерлерінің алдын орап, тұтқындағы азаматарды құтқарып қалған американдық агент рөлін сомдаған.
Атап өтер жайт, Аффлектің «Операция «Арго» фильмі АҚШ-тың Беверли-Хиллз қаласында биылғы жылдың 14 қаңтарында өткен «Алтын глобус» киножүлдесінің ең үздік фильмі атанып, «Үздік драматикалық фильм» наминациясы бойынша «Алтын глобус»-ты жеңіп алды.
Аффлектің бұл фильмі Иран билігіндегілерге жақпай қалғаны анық. Сол себепті, ирандық режиссер Аффлектің бұл картинасына жауап ретінде "Генеральный штаб" фильмін түсіруді қолға алды. Салманян фильмді түсіруге қажетті қаражатты Ислам идеологиясын қолдау ұйымының Өнер бюросы бөлетіндігін атап өтті.