Түрік елінің Мерсин атты ауылында тұратын Исмет Атештің мейірімділігі мен сабыры ғаламтор қолданушыларының сүйсінісін тудырып, ерекше қолдауға ие болды. Өзінің көкеніс таситын жүк көлігінің алдыңғы терезесіне көгершіндердің ұя салғанын байқаған ол содан кейін көлігін орнынан қозғамаған.
«Біздің дініміз құстың ұясын бұзуға тыйым салады. Мен отбасыммен ақылдаса келе, жүк көлігін уақытша, балапандар бой көтергенше пайдаланбауды шештік. Біздің есебіміз бойынша балапандар 21 күннен соң жұмыртқадан шығатын болады. Ары қарай бауырын көтергенше шамамен екі ай уақыт кетеді. Біз төзімділікпен күтетін боламыз», – дейді ол.
Дәл қазіргі уақытта ол өзінің тасымал жұмысына басқа жүк көлігін жалға алған көрінеді.
Дереккөз: Muslim.kz