Ашхабадтағы Эртогрула мешітінде қаланың құрметті ақсақалдары мен дін ықпалдыларының қатысуымен мүфтият кеңесі өтті. Бұл кеңесте елдегі дін қызметкерлерінің қоғамды дамытудағы тапсырмалары, өскелең ұрпақтың діни тәрбиесі сынды мәселелері талқыланды. Бұл жиынды Түркменстан Президенті жанындағы Дін істері кеңесі ұйымдастырған.
Кеңес нәтижесінде ел мүфтиі болып М.Акыев сайланды. Естеріңізге сала кетейік, 2009 жылдан бастап осы уақытқа дейін елдегі мүфтилік қызметті Г. Хайытлыев атқарып келген болатын.
Сонымен қатар, астанадағы имамдар арасында қызметі ауысқандар да болды: Ашхабад қаласында - Я.Ходжагулыев, Балқан уалаятында - Х.Аннаоразов, Дашогуз уалаятында - А.Репов, Марый уалатында - А.Аманлыев.