Қонаққа шақырса қосымша оразаны бұзуға бола ма?

Қонаққа шақырса қосымша оразаны бұзуға бола ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Егер қосымша ораза ұстап жүрген мұсылманды қонаққа шақыратын болса, ол аузының берік екенін айтып, бірақ шақыруды қабыл алғаны жөн. Қонаққа барған кезде қасындағы адамдар үшін дұға жасауы керек. Бұл жөнінде айтылған хадисте осылай келтірілген (Хайсами «Маджмау’з Зауаид», 4/52).

Кімде-кім достарына, туған-туыстарына баратын болса не болмаса үйіне қонақ шақырса, сол күні қосымша ораза ұстамауы тиіс немесе шақырылып отырған қонақтардың рұқсатымен ғана ораза ұстауына болады, себебі үй иесіне қатысты қонақтардың нақты бір құқықтары бар.

Егер қосымша ораза ұстап жүрген жан бір қиыншылықтарға тап болса, онда оразасын бұзып, аузын ашып жіберуіне болады, тек мұны тек түске дейін жасауына болады. Кейін мүмкіндігі болып жатса, бұзылған қосымша оразасының орнын толтырғаны абзал болады. Алла Елшісі (ﷺ) былай айтқан: «Кімде-кім діндегі бауырының құрметіне бола қосымша оразасын бұзса, оған мың күн ораза ұстағандай сауап жазылады. Ал бұзылған қосымша оразасының қазасын өтесе, оған екі мың күн ораза ұстағандай сауап жазылады» («Уакиат»).

Қосымша оразаны себепсіз бұзған дұрыс емес, өйткені бұл жағдайда басталған жақсы амал аяқсыз қалады. Ханафи мәзһабы ғалымдарының бірі Әбу Бәкір ар-Рази осылай санаған. Имам Ағзам Әбу Ханифа мен Имам Йусуф (оларға Алланың рахымы болсын) қосымша оразаны себепсіз бұзуға болады, егер кейін оның орнын толтырса деген пікір қалдырған.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: