Иран мемлекеті экономика саласында АҚШ доллары мен евроны қолданудан бас тарту туралы жоспар жасады. Иран сауда-саттықта тек өзінің валютасын қолдануға ниетті екен. Елдегі Қаржы және экономика министрі Шамседдин Хоссейни осындай мәлімдеме жасады.
Министр Иран Орталық банкі АҚШ және Еуроодақтың қаржы санкциясынан кейін өзінің валюта қорын алтынға ауыстырғанын атап өтті. Қаржы министрінің айтуынша, бұл шешім Иран елі үшін өте тиімді болған.
Сонымен қатар, Иран валюта орталығының баспасөз-хатшысы Самед Карими елдегі жергілікті валютаның көмегімен соңғы айда тауарлар импортына деген сұраныстың өсіп отырғанын да алға тартты.