«Daily Mail» басылымының хабарлауынша, Британияда жүргізілген сауалнама бойынша, сауалнамаға жауап берген қызметкер ер азаматтардың 32% әріптес қыз-келіншектердің жұмысқа қысқа белдемше және ашық киімдерді киіп келулерін қолдамайды екен. Ал, сол азаматтардың 30% әйелдердің қабылан терісі түстес матадан тігілген киімдер киюіне мүлдем қарсы көрінеді. Сонымен қатар, ерлердің 27% нәзік жандылардың өз көкіректерін ашып жүрулерін қаламайды екен.
Қызметкер қыз-келіншектердің 67% әріптес ер азаматтардың бұл ойын құптаған. Ал, әйелдердің 52% жұмыста қысқа белдемше кию әдепке сай емес дейді.