Мавритания тәуелсіз халықаралық «Емшіде шегара жоқ» атты медицина ұйымының төрағасы Карл Нуази, паналап келген мали босқындары аштықтан әрі аурудан қырылуы мүмкін, - деп хабарлады.
Нуазидің сөзіне қарағанда, босқын балалардың 4,6%, яғни әр бес баланың бірі аш. Оның айтуынша, балалардың 70% шешекке қарсы егілмеген, сондай-ақ балар өліміне безгек, тыныс жолдары және іш сүзегі сияқты кеселдер себеп болуда.
«Umma.ua» жеткізіп отырғандай, бұл жағдай Мавритания үкіметі босқындар үшін дайындаған «Мбэр» лагерінде орын алған, ал бүгінгі таңда бұл лагерде 55 мың босқын орналасқан.