23 қаңтардан 24 қаңтарға қарған күн Мәуліт ән-Нәби - Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) туылған күні. Бұл күні барлық мұсылмандар Пайғамбарымыздың (с.а.у.) өміржолы, барша адамзатқа қалдырған асыл мұрасы - сүннеті мен хадисі насихатталатын мерекелік іс-шаралар өткізіп, салауат айтады және құлшылық ғибадаттарын жасайды.
Ресей мұсылмандар діни басқармасының хабарлауынша, негізгі мерекелік іс-шаралар Мәскеу, Грозный және Назрань қалаларында өтетін болады. Мәуліт мерекесі Ресей мұсылмандары үшін бірнеше маңызды оқиғаларға толы болмақ. Дубайдан Грозный қаласына арнайы сапармен қасиетті мұсылман жәдігерлері: Пайғамбарымыздың (с.а.у.) іш көйлегінің үзігі және ұзындығы 50 см жететін бір бұрым шашы жеткізілді. Ардақты Елшінің (с.а.у.) бұл жәдігерлерден бөлек бір тал сақалы 25 қаңтар күні Ингушетияға жеткізілетін болады.


03 Қараша 2025
12 Джумада-авваль 1447

