Қазақстанның 2,2 миллион тұрғыны COVID-19 вирусына қарсы вакцина алады

Қазақстанның 2,2 миллион тұрғыны COVID-19 вирусына қарсы вакцина алады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстанда 2,182 миллион адам коронавирусқа қарсы тегін вакцинация алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Кочахметов Facebook-тегі парақшасында мәлімдеді.

Оның айтуынша, бұл Қазақстан халқының шамамен 11,5% құрайды. Коронавирусқа қарсы вакцинаны созылмалы аурулары бар адамдар, сондай-ақ медицина қызметкерлері алады.

Айта кетейік, Қазақстан коронавирусқа қарсы өзінің вакцинасын сынақтан өткізуде. Биологиялық қауіпсіздік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары клиникаға дейінгі зерттеулерді аяқтап жатыр.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: