Монарх Исламды қабылдады.

Монарх Исламды қабылдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Нигерияның оңтүстік-шығысындағы  орналасқан штаттың жергілікті монахы Имо Ислам дінін қабылдады.  Бір қызығы, мұндағы жергілікті игбо халқына және мәдениетіне Ислам діні таңсық және түсініксіз болғаны жасырын емес.

«Мен Исламды қабылдаған жоқпын, мен  тек  адамгершілік дініне оралдым. Себебі, адам баласы әу бастан-ақ  осы  дінде болуы керек қой.  Мен мұсылмандардың осыншалықты кең пейілділігі мен адамдарға деген сыйластықтары мен ілтипаттарын көріп таң қалдым,  әрі риза болдым. Адамдарға осындай қатынаста болса, олардың Алла мен оның Елшісі Мұхаммедке (с.а.у.) деген махаббатарын елестетудің өзі бір ғанибет шығар...», - деп хабарлады монарх  Имо Сильвестр Димуна   OnIslam.net.-ке  телефон арқылы берген  сұхбатында. Димуна Исламды қаңтар айының басында қабылдап, өзіне мұсылманша «Мұса» деген есімді алыпты.

 

Менің бұл шешіміне туыстарым  түсіністікпен қарап, еш қарсылық көрсеткен жоқ, дейді  Димуна. Ол бір сөзінде, оның Исламды қабылдауына АҚШ-тағы  11 қыркүйекте орын алған лаңкестік  әрекет себеп болғанын айтып қалды.

 

«Менің өз бетімше жүргізген зеурттеулерім көрсеткендей, Исламға және көпшілік мұсылмандарға жабылған айыптаулар еш негізсіз. Және Құранда да өзге біруге зұлымдық жасау туралы еш аятта жазылмаған», - деп ойын түйіндеді  діндес бауырымыз  Димуна.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: