1984 жылдан бастап паркинсон ауруына шалдыққан есімі бүкіл әлемге әйгілі американдық боксшы Мұхаммед Әли қатты науқастанып жатыр. Бұл туралы спортшының інісі Рахман Әли мәлімдеді. Мұхаммед Әли тілден қалып, жақын туыстарын да танымай қалған күйге түскен деп хабарлайды Daily Mail.
Ініснінің айтуынша, атақты боксшы бірнеше айдан кейін немесе бірнеше күннен кейін бақилық болып кетуі әбден мүмкін екен. Ол алдын ала өзінің қабірінің тақтайшасына Мартин Лютер Кингтің «Мен жалаңаштарды киіндіргім келген, мен аштарды тамақтандырғым келген» деген сөзін жазып қойыңдар деген тілегін айтыпты.
71 жастағы Мұхаммед Әли (Кассиус Клей) ауыр салмақта бақ сынасқан боксшы, қоғамдық іс-шараларға да белсене атсалысқан, сонымен қатар, өз қалауымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар Қорына (ЮНИСЕФ) елшілік қызмет те атқарған.
1960 жылғы Олимпиада ойындарында чемпион титулын иемденіп, әлем чемпионы атанған. 1964 жылы «Ислам ұлттары» ұйымына мүше болып, өзінің есімін Мұхаммед Әли деген есімге ауыстырған.