Сауд Арабиясының дүкендерінде ерлер мен әйелдердің арасын бөліп тұратын «шымылдық» қойылады.

Сауд Арабиясының дүкендерінде ерлер мен әйелдердің арасын бөліп тұратын «шымылдық» қойылады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ультраконсерваторлық королдік заңының аяқасты болмауын қадағалайтын Сауд билігі әлгіндей пәрмен берді. Бұл жайында gulfnews.com ақпараттық агенттігі хабар таратты.

 

Королдіктің еңбек министрі Әділ Факиктің бұл жарлығын жақсылықты мақұлдап, жамандықтың алдын-алумен айналысатын комиссия төрағасы - Әбділәтіп әл-Шейх те құптады. Дүкендердегі ерлер мен әйелдердің арасын бөліп тұратын «шымылдық» 1,6 метрден аласа болмауы керек.

 

2011 жылдың маусым айында жергілікті билік негізінен Азия елдерінен келген ішкиімдер сататын дүкен сатушыларын саудиялық азаматтармен алмастыруға міндеттеген болатын. Мұндай жарлық кейін косметикалық дүкен қожайындарына да берілгенін айта кету керек.

 

Саудиялық әйелдер ішкиімдерді ер адамдардан сатып алғанда қысылатынын айтып, шағымданған болатын.

Желтоқсан айында «әдеп полициясының» басшысы - Әбділәтіп әл-Шейх сатушылардың еңбек жағдайына байланысты еңбек министрлігінен «сөз естіген» еді.

 

Еңбек министрлігі жұмыссыздық деңгейі 30 пайыздан асып түсетін саудиялық әйелдер үшін 44 мың жұмыс орны құрылуы тиіс деген болатын.

 

musilman.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: