Израиль әскери әуе күштері Сирияға соққы берді.

Израиль әскери әуе күштері Сирияға соққы берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сирия армиясының хабарлауынша, қаңтардың 30-ы күні израильдік әскери әуе күштері Дамаск маңындағы әскери зерттеу орталығына соққы берген. Әскери командованиенің бұл мәлімдемесін SANA мемлекеттік агенттігі таратты. Бұл жайында Agence France-Presse құлағдар етті.

Сәрсенбінің таңында Израиль ұшақтары Сирияның әуе кеңістігіне кіріп кеткен. Өте төмен деңгейде жер бауырлап ұшқаннан кейін бе, шекараны заңсыз қиып өткен ұшақтар радарға ілікпепті.

 

Осыған байланысты сириялық әскерилер Израильдің бұл қадамын арабтар мен мұсылмандарға қарсы кезекті жорығы деп бағалады. Атқан оқтан зерттеу орталығының екі қызметкері қаза тапты. Ғимаратқа да айтарлықтай зақым келген.

 

Сириялық әскерилер «израильдік әскери әуе күштерінің Сириядан Ливанға қару тасымалдаған керуенге де соққы берді» деген ақпаратты жоққа шығарды.

 

Израиль армиясының өкілдері Сирияға неге шүйліккенін әлі түсіндірген жоқ. Осыған дейін Израиль тарапы Сириядағы химиялық қаруды және зымырандарды «Хизбулланың» қолға түсіруі мүмкін екендігін айтып, алаңдаушылығын білдірген болатын.

 

musilman.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: