Мәскеудегі Мәуліт.

Мәскеудегі Мәуліт.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мәуліт ән-Нәби - Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) дүниеге келуіне орай аталып өтетін мерекелік іс-шара Мәскеудегі Crocus City Hall мәжіліс залында кеңінен аталып өтті.

Кеш қасиетті Құран оқылып басталғаннан кейін Ресей мүфтилер кеңесінің төрағасы шейх Равиль Гайнутдин кешке жиналған жұртшылықты құттықтап, Пайғамбардың дүниеге келуінің өзі үлкен бір қуаныш екенін айтып, «Әнбия» сүресінің 106-аятында айтылған  «Біз Сені бүкіл әлемге рақым етіп қана жібердік» деген аятын оқыды.  

 

Бас мүфти Р.Гайнутдин Рабиғул-Әууәл айы бойы Ресейде Мәулітке қатысты іс-шаралар үнемі өткізіліп тұратынын хабарлады.

 

«Мұсылмандар белсенді. Қазіргі таңда еліміздегі мұсылмандардың қатарында жастардың үлесі айтарлықтай көп. Біз күшті, сауаттымыз және Отанымызға, халқымызға, Исламға, мұсылмандарға үлкен пайда келтіріп жүргенімізді мақтан тұтуымыз керек», - деп атап өтті ол өз сөзінде.

 

Салтанатты кешке жиналған жұртшылық назарына балалар салған суреттер ұсынылды.  Татарстан, Дағыстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Босния және Герцеговина елдерінен келген кешке қатысушылардың  шырқата салған діни әуендері Crocus City Hall мәжіліс залын айтарлықтай әсерге бөледі. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: