Сауд Арабиясы, Түркия, Ливия және Гвинея мемлекеттері «Әйелдердің мүдделерін дамыту» (Women Development Organization) ұйымына мүше болып, Жарғы қабылдады. Нәтижесінде мұсылман әйелдер өмірінде маңызды роль атқаратын бұл ұйымға 15 мемлекет мүше болып тіркелген.
Аталмыш Жарғы заңды күшіне енуі үшін, барлық осы мемлекеттерде ратификациялануы керек. Дегенмен, тек үш мемлекет ғана оны ресми бекіткен болып отыр. Бұл жаңа ұйымның міндеті мен мақсаты әйелдердің қоғамдағы орны мен әйелдер құқығына Исламның көзқарасын насихаттау болып табылады.