Жақын күндері Сауд Арабиясы елдеріндегі әйелдерге дәріханаларда жұмыс істеуге рұқсат беріледі. Бұл туралы осы елдің Еңбек министрі Адель Факих хабарлады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін дәріханаларда тек ер адамдарға ғана жұмыс істеуге рұқсат етілген болатын.
Әйел адамдарды бұл жұмысқа тарту «Қауіпсіз және дұрыс орта» жобасы бойынша жүзеге асады. Бұл жобаның қашан іске асары әзірге белгісіз.