Татарстан мұсылмандары діни басқармасында (ТМДБ) «ТМДБ қажылық» тақырыбында 2013 жылғы қажылықты ұйымдастыру мәселелері бойынша мәжіліс өтті.
Діни басқарма баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2013 жылғы қажылық сапарына арналған «ТМДБ қажылық» бағдарламасы Татарстан еліндегі қажылыққа қатысты барлық қызмет түрін қамтитын стандартты бағдарлама болып табылады.
2013 жылғы қажылықтың құны 138 мың рубьлді құрап отыр. Бағдарламада екі мезгіл тамақтану, ер адамдар ихрамы, құрбандық шалу мәселесі де қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, жүк сөмкелерінің жоғалып кетпеуін қамтамасыз ету үшін, қажыларға арнайы жүк сөмкелері берілетін болады.
Қажылар Қазан қаласынан Мекке қаласына шамамен 2013 жылдың қазан айының 1 мен 8 аралығында ұшып, осы жылдың 19 қазаны мен 10 қарашасы аралығында елге оралады деп жоспарлануда.