ҚМДБ Әйел-қыздар секторы, Нұр Сұлтан қаласының әйел ұстаздарының еліміздегі барша әйел жамағатына ұйымдастырған «рухани марафоны» басталды.
Марафонның мақсаты – елдегі болып жатқан жағдайға байланысты ару-аналарға рухани қолдау көрсету. Кеше, яғни, 14 шілдеде басталған бұл марафон бес күнге созылады дейді ұйымдастырушылар.
Ұстаздар Әйел-қыздар секторы Instagram парақшасында күн сайын тікелей эфирге шығып, белгіленген тақырыптарға байланысты насихат жүргізіп, сұрақтарға жауап береді.