Сауд Арабиясының билік өкілдері Әл-Харам мешітінің жобасын үлкейтуді жүзеге асыруды қолға ала бастады. Жұмыс барысында тауаф жасайтын жерлер (Қағбаның маңайы) мен мешіттің қабаттар санын алты қабатқа дейін көтеру жоспарлануда. Сонымен қатар, орталық желдеткіш ғимараты мен биік 63 қонақүйдің де құрылысы басталады, деп хабарлайды Azan.kz.
«Укказ» газетінің жазуынша, мешіттің құрылыс жұмыстары аяқталған соң, мешітте бір мезгілде екі миллион адам құлшылық жасай алады. Дәрет алуға арналған бөлмелер қайта соғылып, сонымен қатар, жерасты жолдары кеңейтіліп, жаңадан соғылатын болады. Және ауаны желдету орталығы, электрстанциясы мен сустанциялары пайдалануға беріледі. Кеңейтілген жерлердің жалпы көлемі 2 750 000 шаршы метрді құрап отыр.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 3476
Әл-Харам мешітіндегі үстіңгі қабаттар саны көбейеді.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.