Каллиграфия - көркем әрі анық жазу өнері. Каллиграфия тарихы қаріп және жазу құралдары, стилистика өнері дамуы тарихымен тығыз байланысты. Каллиграфия оқуға қолайлы ғана емес, сонымен қатар хатқа графикалық эмоционалды-бейнелі ұғым беру мақсатын көздейді. Каллиграфия стилі қашықтан оқуға мүмкіндік беретін таңбаларының анық болуына, шапшаң жазылатын курсивке немесе оқуға қиын, бірақ сәнді өрнекке бейім болып келеді. Ислам елдерінде каллиграфия жоғары бағаланды.
Мәуліт айының құрметіне көркем жазу өнерінің жаңа көрмесі «Қалам әуендері» («Мелодии каляма») деген атпен Уфа қаласында өтті. Бұл көрмеде жас суретші Джамил Ахметгалиевтің туындылары қойылған. Оның туындылары өте ұқыпты және көзтартарлық деңгейде жасалған. Туындылардың авторы Джамил көркем жазумен араб тіліндегі Құран аяттарын, сүрелер мен хадистерді жазған. Көрме осы айдың соңына дейін жалғасатын болады.