Сауд Арабиясы қажылыққа тіркеуді бастайды

Сауд Арабиясы қажылыққа тіркеуді бастайды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясының қажылық және умра министрлігі өз сайтында биыл қажылық жасағысы келетіндер үшін тіркеуді ашты. Marva Tour мәліметтері бойынша, 10 мың қажының 70% -ы Корольдікте тұратын шетелдіктер болады, қалған 30% -ы Сауд азаматтары болады.

Сонымен бірге Сауд Арабиясы азаматтары арасында қажылыққа коронавируспен ауырып қойған тәжірибелі дәрігерлер мен қауіпсіздік қызметкерлері ғана бара алады.

Шетелдіктерге келер болсақ, бұрын қажылық жасамаған және созылмалы аурулармен ауырмайтын 20-50 жас аралығындағы қажылар ғана өтініш бере алады. Барлық қажылар қажылыққа дейін және одан кейін 14 күндік карантиннен өтуі керек деп хабарланған болатын.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: