Филиппиндегі халал өнімдердің дамуын Малайзия мемлекеті толықтай қолдайды, бұл туралы Маниладағы малайзиялық елші Датук Мухаммед Замри Мухаммад Кассим мәлімдеді деп хабарлайды MuslimEco.
Елшінің айтуынша, Малайзия елі Филиппиндегі бұл игі істің дамуына барынша көмек қолын созып, қолдау көрсетіп отырады. Малайзиядағы Ислам даму департаменті (JAKIM) соңғы жылдары Филиппин мұсылмандары істері бойынша ұлттық комиссиясымен (NCMF) бірлесіп жұмыс атқарып келген болатын. Сол себепті, халал өнімдер ісі жайлы филиппиндік әріптестерімен өз тәжірибелерімен бөліседі.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 3958
Малайзия Филиппиндегі халал өнімдердің даму ісін қолдайды.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.