Париж қаласындағы әйгілі Dourous.net ислам ұйымы Ислам теологиясын оқытатын Ислам институтын ашуды жоспарлап отыр.
Бұл арнайы оқу орны Париждің өзінен келіп білім алуға мүмкіндігі жоқ азаматтарға болашақта интерактивті онлайн-курсы бойынша қашықтықтан дәрістер жүргізуді қолға алады екен.
Dourous.net ұйымы көптеген қайырымдылық және мәдени іс-шараларды өткізуші Франциядағы Ислами ұйым ретінде танымал. Аталмыш жаңа жоба жас француз мұсылмандардың білімін қанағаттандыру үшін құрылады. Қазіргі таңда Францияда мұсылмандарға ислами дәріс беретін діни оқу орындарының тапшылығы басым. Осы себепті жас мұсылмандар мен дінге жаңа келген мұсылмандар шетелдерден білім алуларына тура келеді екен.
Dourous.net ұйымы өкілдерінің айтуынша, аталмыш жоба іске асқаннан кейін, мұсылман жастар діни білім алу үшін шетелдерге сарылмай-ақ, өз елінен толық және түбегейлі діни білім ала алады.
Болашақтағы инс
титуттың оқу бағдарламасына араб тілі және Құран, фикх (мұсылман құқықтары), тәжуид (Құран оқу ережелері) және Мұхаммед Пайғамбардың (с.а.у.) өмірбаяны сынды сабақтар жүргізілетін болады. Сонымен қатар, әр оқу курсы онлайн-режимінде өзге қалалардағы білімгерлерге де жүргізіледі.
Әзірге бұл жобаның құны 500 мың еуроны құрап отыр. Dourous.net-тің өкілдері француз мұсылмандардың берген садақасынан жобаның қоржынына 100 мың еуро қаражат жиналғанын хабарлады.