Сомалидегі Гароуэ қаласында орналасқан «Әл-Бадр» мешітінде жұма күні 72 жастағы әйгілі ғалым, шейх Абдул-Қадыр Фарих Нур дүниеден озды. Бұл туралы Халықаралық мұсылман ғалымдары одағы (IUMS) хабарлады.
«Әш-Шағид» ақпараттық агенттігінің мәлімдеуінше, қарулы лаңкестік топтың бір мүшесі мешітке кіріп, екінті намазын оқып жатқан Абдул-Қадыр Фарих Нурдың рукуғтан енді тұрып жатқан сәтінде тапаншамен басынан атқан, деп хабарлайды «Ислам для всех» ақпараттық сайты.
Қылмыскер бірден қашуға әрекет жасап, 3 адамды жарақаттаған, дегенмен қылмыс болған жерден ұзап кете алмай қолға түсті.
Тергеу барысында қылмыскердің аты-жөні анықталды. Ол «Аш-Шабааб жамағаты» сомалилік моджахид жастар қозғалысының мүшесі Абдур-Рахман Хусейн Джами Яли есімді азамат болып шықты. Бұл топ 2009 жылдың 4 қыркүйегінде Шамо қонақүйінде 22 адамды, оның ішінде білімгерлер, профессорлар және 3 министрдің жанын қиған жарылысты ұйымдастырған болатын.
Марқұм болған шейх Абдул-Қадыр Ислам үшін аянбай қызмет жасаған белсенді азамат болатын. Сонымен қатар, радикалды ағымдарға қарсы белсенді жұмыстар да атқарған.