Жаңа Бас Мүфти - Ержан Маямеров.

Жаңа Бас Мүфти - Ержан Маямеров.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі Құрылтайда Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының жаңа бас мүфтиі сайланды. Енді еліміздің Бас Мүфтиі, Дінбасы - Шығыс Қазақстан облысы, Семей өңір имамы Ержан Маямеров.

Талап бойынша Бас мүфти болу үшін қырық жастан асқан, жоғары білімі болуы керек. Барлық ел имамдары бірауыздан қолдаған Ержан Малғажыұлы сол жерде өзінің найб мүфтилерін сайлады. Мүфтидің орынбасарлары болып «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы мен Қостанай Марал ишан мешітінің Хатиб-имамы Серікбай Ораз тағайындалды.

 

Маямеров Ержан Малғажыұлы 1972 жылы 16 желтоқсан күні дүниеге келген. 1990 жылы Мақаншы ауылындағы Ғани Мұратбаев атындағы орта мектепті тәмамдаған. 1991-1993 жылдары Отан алдындағы әскери борышын өтеп келген соң, Сол жылы Мысырдағы Әл-Азһар Ислам университетінің шариғат және заң факультетіне оқуға қабылданып, 2006 тамамдады. 2006-2008 жылдары аралығында Мысыр елі муфтиятының пәтуа шығару бөлімінде білімін жалғастырды. 2011 жылы 10 қазан күні Бас мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі хазіреттің ұйғарымымен, Маямеров Ержан Малғажыұлы ҚМДБ-ның Семей өңіріндегі өкіл имамы болып тағайындалды. Үйленген 3 баласы бар.


Muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: