Мемлекет төлеуге міндетті емес…

Мемлекет төлеуге міндетті емес…

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бірде Омар (р.а) сахабаға жолдасы Әбдрахман келеді. Ол кезде Омар (р.а.) жұмысымен (мемлекеттік істермен) айналысып отырған болатын. Досының келгенін көрген халифа алдындағы майшамды өшіріп, басқасын жағады. Омардың (р.а.) бұл ісіне таңданған Әбдрахман:

– Уа, мұсылмандардың басшысы, бір майшамды өшіріп, екіншісін жаққаның не? – дейді. Сонда Омар (р.а.):

– Сен келгенде мен мемлекеттік істермен айналысып отырған едім және ол майшам қазынанікі болатын. Ал сенімен жеке шаруамыз жайлы әңгімелесемін. Біздің бұл әңгімеміз үшін мемлекет төлеуге тиісті емес. Сондықтан мен өзімнің майшамымды жақтым, – деп жауап береді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: