Грузияның үкімет басшысы Бидзина Иванишвили (Bidzina Ivanishvili) Анкараға ресми сапары барысында Туркияның премьер-министрі Реджеп Тайип Эрдоганмен (Recep Tayyip Erdogan) кездесті. Екі елдің үкімет басшылары арасында Грузияның курортты қаласы Батумиде мешіт құрылысын бастау туралы келісім жүргізілді.
Келісімге сәйкес, Грузия елі Түркиядағы Ошк және Ишхан христиандық шіркеулерін қалпына келтірумен айналысады, деп хабарлайды ABNA ақпараттық агенттігі.
Иванишвили журналистерге берген сұхбатында, Аджарияның астанасы Батумиде көптеген мұсылмандар тұратындығын және мешіт құрылысын бастауда еш кедергілер кездеспейтінін атап өтті. Батуми - Аджария автономды республикасының астанасы. Бұл қаланың іргесі 1878 жылы Грузияда қаланған.
Аджарияның үкімет басшысы Арчил Хабадзе (Archil Habadze) бірден мешіт құрылысын салуға оңтайлы жерді іздестірумен айналысып жатыр. Қолайлы жер табылған соң, мешіт құрылысы басталатын болады. Батуми қаласы 300 жыл бойы Осман империясының құрамында болған. Осы уақыт аралығында онда көптеген мешіттер салынған. Біздің заманымызға сол мешіттерден тек біреуі ғана сақталған.