Стокгольмде мұнарадан азан шақыруға алғаш рет рұқсат берілді.

Стокгольмде мұнарадан азан шақыруға алғаш рет рұқсат берілді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Стокгольмнің оңтүстігіндегі Боткерк шағын қаласында жұма күндері азан шақыруға рұқсат берілді. Қалалық жоспарлау комитеті  мүшелерінің шешімі бойынша  Боткерктегі  Фиджи ауданындағы мешіттің  азаншыларына намаз уақыттарында азанды мұнараға шығып, ашық айтуға рұқсат еткен.Азаншылардың мұндай қызметін заңдастыру мәселесі  Боткерктегі  Ислам  ассоциациясының өкілі Исмаил Окурға жолданған болатын. 


«Біз Швецияда ұзақ жылдар бойы өмір сүріп келеміз. Салық та төлейміз. Үлгі  тұтарлық азамат та атандық. Біз Швецияға көп нәрсе бердік. Енді соның кішкене болса да өтеуі ретінде діни бостандықты талап етеміз», - деп мәлімдеді Исмаил Окур «Dagen» швед басылымына берген сұхбатында. Әзірге тек жұма күндері ғана азан шақыруға рұқсат берілген. Дегенмен И.Окурдың айтуынша,  азан шақыру мұнымен шектеліп қалмайды. Кейінірек азан шақыру күнделікті  орындалып тұрады дейді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: