Персия бұғазындағы мемлекеттердің қонақүйлері мен дәмханалар бизнесіне арналған халықаралық көрмеде азық-түлік, сусындармен қоса осы жылы алғаш рет Чили елінен әкелінген халал қой еті де қойылды. Бұл туралы «MuslimEco.Ru» хабарлады.
Чили елі халал ет өнімдерін экспорттауға осыдан екі жыл бұрын Біріккен Араб әмірліктерінен сертификат алған болатын. Бірақ, Agromarin компаниясы халал етті экспорттауды осы жылы 25-28 ақпан күндері Дубайда өтетін «Gulfood-2013» көрмесі өткенге дейін кешеуілдетіп келген.
Алдағы уақытта Чилиде қой етінен басқа, халал сертификаты бар алма шырыны, кептірілген жеміс-жидектер және зәйтүн майы да шығарылады.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 3802
Чили еліне Біріккен Араб әмірліктерінен халал қой еті жеткізілуде.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.