Канаданың астанасы Оттава қаласында орналасқан ислами мектеп өзінің жетік үлгерімі бойынша қаладағы барлық бастауыш мектептерді басып озды.
Ел астанасының бастысында орналасқан жеке мұсылман мектебі Фрейзер институтының жүргізген зерттеулері бойынша математика, оқу және жазу үлгерімі бойынша «Ең үздік» бастауыш мектеп атанды.
Абраар бастауыш мектебінің көрсеткіші 10 баллдық жүйе бойынша 9,4 баллды иемденген. Осылайша, аталмыш ислами мектеп Онтарио провинциясындағы 2700 мектептің ішіндегі «Үздік 50 мектеп» қатарына енді. Ал, Оттавадағы католик мектептердің үлгерімі орташа есеппен алғанда 6,6 баллды құрап отыр.
«Біз бұл жеңісіміз арқылы біраз жігерленіп қалдық. Біздің мектепте өз ісіне берілген, жауапты және оқушыларды жақсы түсінетін мұғалімдер тобы өте көп. Олар педагогикалық әдістерді мәдениетпен байланыстыра отырып, оқушылармен жақсы байланыс орната алады», - дейді үздік мектептің директоры Абраар Мұхаммед Салим өз сөзінде.
Абраар мектебі мектеп жасына дейінгі балаларды қабылдап, 8-сыныпқа дейін оқытады.