Лондон университетіндегі намазханалар жабылуда.

Лондон университетіндегі намазханалар жабылуда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Лондонда орналасқан «City University» американдық университетінің бір топ мұсылман студенттері осы оқу орнының басшылығын оқу орнында жұма намазы оқылып жүрген намазхананың біреуін жауып тастағаны себепті, расизм (нәсілдік теңсіздік) бойынша айыптап отыр. Наразылық танытқан студенттер арнайы топ құрып, университет басшылығының мұсылман студенттерге әділетсіздік жасап отырғанын және бұл шешімнен бас тартуын талап етті.
Өз кезегінде «City University» университетінің басшылығы,  мұсылман студенттерден «жұма намазы қалай өткізіліп жүр? Жұмада қандай уағыдар айтылады?» деген сауалға студенттердің жауап қатпағаны себепті, намазханаларды жабуымызға  тура келді деп мәлімдеді.
Студенттер құрған наразылық топтың басшысы ретінде Шейх Васиф өз сөзінде: «Университет басшылығы бізге әділетсіздік жасады. Біздің намазханаларды ашып берсін», - дейді. Және «Біз жұма уағыздарының мәтінін  ректоратқа жіберіп отырмаймыз. Олар бізге сол уағыздарда  нені айтып, нені айтпау керек екенін айтып отыруға құқылы емес. Осы оқу орнының студенттері ретінде біз мұнымен келіспейміз» - деп те айтып өтті.
Айта кетер тағы бір жайт, экстремизмге қарсы «Квиллиам» зерттеу қоры осыдан үш жыл бұрын «City University» университетінде жұма уағыздары туралы баяндама жасаған болатын.  Ол баяндамада  жұма уағыздары адамның мүдделер мен қағидаттарды ашық, тікелей қарама-қарсы қоюды насихаттайды деп жазылған. 
«Квиллиам» қорының мүшесі Усама Хасан: «Егер университет тарихында жұма уағыздарына қатысты бұдан бұрын орын алған және осы кездегі ұқсас әрекеттерге үлгі немесе негіз боларлықтай жағымсыз оқиғалар тіркелетін болса, студенттер арыз беруге құқылы болып саналады. Сондықтан, студенттер университет әкімшілігімен бірлесіп қызмет істеулері керек» - дейді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: