Осы жылдың 4 сәуірінде Қазан қаласында бүкілресейлік «Ислам-online» конференциясы өтеді. Мұндағы мақсат мұсылман журналистері мен мұсылман БАҚ порталдарын дәстүрлі Ислам құндылықтарын насихаттау үшін біріктіру.
Конференцияға Ресейдегі барлық мұсылмандық электронды бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, мұсылман тілшілер, сонымен бірге осы тақырып аясында жұмыс жасап жүрген зерттеушілерде қатысады.
Журналистердің баяндамалары «Ресейлік мұсылмандық электронды БАҚ-тың бүгінгі ахуалы»; «Ресейлік мұсылмандық электронды БАҚ-тың ауызбірлігіндегі проблемалар»; «Мұсылмандық БАҚ өкілдерінің кәсібилігінде кездесетін проблемалар» тақырыптары аясында жасалады.
Бүкілресейлік «Ислам-online» конференциясы Татарстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен өтеді.