Мүмкіндігі шектеулі балалар Құран жарысына қатысады.

Мүмкіндігі шектеулі балалар Құран жарысына қатысады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

7-9 сәуір күндері Медине қаласында мүмкіндігі шектеулі балалар арасында Құран оқу жарысы өтеді. Бұл жарыс осымен  17 рет ұйымдастырылып отыр. Конкурстың әділ қазылары құрамында әйгілі ғалымдар мен қарилар бар, деп хабарлайды аzan.kz.

Құран жарысын ұйымдастырушы Абдуләзиз бин Абдурахман Әль-Сабихинидің хабарлағанындай,  патшалықтағы Білім министрлігінің барлық  бөлімі мүмкіндігі шектеулі балалар тәрбиеленіп жатқан  мемлекеттік және жеке орталықтарға осы жарысқа қатысу үшін арнайы  шақыртулар жіберген.  

Жарыстың соңғы  бөлімі мен сыйлықтарды үлестіру рәсімі Сұлтан бин Абдуләзиз атындағы мүмкіндігі шектеулі балалар орталығында өтеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: