Шәууәл айының оразасы жайында не білеміз?

Шәууәл айының оразасы жайында не білеміз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шәууәл айының алты күн оразасының даналығы - Алла Тағала ұйғарған өзге де қосымша құлшылықтардың даналығындай, аталмыш қосымша ораза ұстау арқылы мүміннің құлшылығы кемеліне жеткен мінсіз болмақ. Бұл да болса Алла Тағаланың шексіз мейірімі. Алдымен Шәууәл айында ұсталатын қосымша алты күн оразаның қандай артықшылығы бар екендігіне тоқталып өтейік. Осы айдағы алты күн ораза біздің мінез-құлқымызды анықтап, бізді тәртіпке салады. Сондай-ақ, аталмыш қосымша ораза үшін берілетін сый өте зор – Алланың қалауымен, бір жыл ораза ұстағандай сауап аламыз, ин ша Алла. Сол себепті Алланың бізге нәсіп еткен үлкен мүмкіндігін жіберіп алмауымыз керек.

Әбу Аюб әл-Ансари (р.а.) Пайғамбарымыздың (ﷺ) былай айтқанын келтірген: «Кімде-кім Рамазан айында ораза ұстап, содан кейін Шәууәл айының алты күнін ұстаса, бір жыл ораза ұстағанмен тең болады» (Мүслим, Ат-Тирмизи, Ахмад).  

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: