Намазда немесе намаздан тыс уақытта жылау дәретті бұза ма?

Намазда немесе намаздан тыс уақытта жылау дәретті бұза ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Намаздан тыс кезде жылау, жылаудың себебі нендей жағдайға байланысты екендігіне қарамастан, дәретті бұзбайды.

Егер намаз оқу барысында адам өмірдің қиыншылықтары себепті, яғни бұл фәнилік дүниеге бола жыласа, онда оның намазы бұзылған болып саналады, бірақ дәреті бұзылмайды (Маргинани, әл-Хидайа, II, 4,5). 

Алайда адам Жұмақ пен Тозақ туралы ойланып, Алла Тағаланың қаһарына ұшыраудан қорқып жылайтын болса, онда оның намазы да, дәреті де бұзылмайды. 

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (2)

Оқи отырыңыз: