- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 6489
Британ ғалымдары ер адамдардың денсаулығына сақалдың пайдалы екенін дәлелдеді.
Зерттеушілердің айтуынша, сақал күн сәулесінің бетке тікелей түсуінен қорғап қана қоймай, бет терісін жас қалпында сақтауға де үлкен көмек береді. Себебі, сақал талшықтарындағы лимфалық бездердің түйіні және май бездері теріні зақымданудан қорғайды, деп жазылғант ilife-news.com.-да.
Сонымен қатар, сақал суық тиюден де қорғайтын қасиетке ие болып шықты. Мойынның температурасын жоғарылатып, суық ауаның келуіне тосқауыл болады. Сол арқылы сақалды ер азаматтар демікпе мен аллергияларға төзімді келетін көрінеді. Бұдан бөлек, сақал теріні бөртпеден де қорғайды. Атап өтер тағы бір жайт, мұсылман ер адамдардың сыртқы келбетіндегі ерекше бір белгі сақал болып саналады.
Айшадан (р.а.) жеткен хадисте: «Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм): «Он нәрсе жаратылыстан: мұртты қысқарту, сақал қою, мисуәк қолдану, истиншак (кеңсірікке су жүгірту), мадмада (ауызға су алу), тырнақты алу, саусақтардың арасын салалап жуу, қолтықтың түгін алу, белден төменгі жақты (қасағаны) ұстарамен күзеу, истинжа жасау» деп сақал қоюды тазалыққа әрі сүннет амалдардың қатарына жатқызғаны да бар.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.