Еуропаға әйгілі медицина орталықтарының бірі - Франциядағы Гюстав Русси атындағы онкология институтының жүргізген зерттеулерінің мақалалары жарияланды.
Париждік «Фигаро» басылымы жазғандай, қолдағы бар мәліметтер бойынша, 2009 жылы Францияда алкогольдік азғындау дертінен 49 мың адам өлім құшқан. Спирттік сусындарды шамадан тыс пайдаланудың кесірінен бұл елде 13% ер адамдар көз жұмады, солардың әр жиырмасыншысы әйел адамдар.
Дәрігерлер ішімдіктің кесірінен көз жұматындардың көпшілігі 15 пен 34 жас аралығындағы жастар екенін айтып, дабыл қағуда. Бұл жас шамасындағы қайтыс болатындардың көрсеткіші 22% құрайды екен.
- ЖАҺАН ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
- ҚАРАЛДЫ: 4806
Жыл сайын ондаған мың француздар ішімдіктің кесірінен көз жұмады.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.