2010 жылы Лерида қаласы жергілікті билік өкілдерінің қоғамдық орындарда хиджаб киюге тиым салған Испаниядағы алғашқы қала саналған. Жергілікті мұсылман жамағаты бұл шешімді сотта қарауды өтінген болатын.
Испанияның жоғарғы соты Каталониядағы Лерида қаласында қоғамдық орындарда мұсылман қыз-келіншектерге хиджаб киюіне болмайды деген шешімнің күшін жойды.
Сот өкілдерінің айтуынша, Еуропаның және Испанияның заңшығару органдарының бірде-біреуінде қоғамдық орындарда мұсылман қыз-келіншектерге хиджаб киюіне болмайды деген заң жоқ. Сол себепті, бұл шешім күшін жояды.
Бұнымен қоса, сотта атап өткендей, «мұндай тиымдар дін еркіндігін таңдауда жеке тұлғаның құқығын бұзу болып табылады».