Англияда Исламға арналған көрме өтті.

Англияда Исламға арналған көрме өтті.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Стаффордшир британдық графтығындағы мұсылман жамағаты Ислам дініне арнап ерекше көрме өткізді. Мұндағы мақсат Ислам туралы  теріс ұғымдар мен жалаң пікірлермен күресу.  Стаффорд қаласында өткен көрме табысты аяқталды.
Стаффорд  Ислам мәдени орталығында  өткен бұл көрмеге келушілер Исламның негіздерімен танысты.  Оқиға аясында Ислам және әлемдегі мұсылмандар жөнінде көптеген деректі фильмдер көрсетілді және кітаптар экспозициясы, Ұлыбританиядағы мұсылман жамағатының фотокөрмесі де қойылды.


Сонымен қатар, Саффорд қаласының имам-хатыбы тыңдаушыларға Исламның тарихы жайлы дәрістер оқыды. Көрмені ұйымдастырушылар негізінен британ жамағаты арасындағы  Ислам жайлы теріс ұғымдармен, Ислам дініне деген қорқыныштармен күресуге баса назар аударған. 
«Исламға деген теріс көзқарас - білімсіздік пен ізденістің аздығы себепті туындайтын көзқарас. Біздің негізгі мақсатымыз - британдықтарға Исламның бейбітшілік діні екенін көрсету. Біз барлық ерікті азаматтарды Ислам туралы теріс ой-пайымдармен күресуге шақырамыз», - делінген Стаффорд қаласындағы мұсылман жамағатының ресми мәлімдемесінде.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: