Сенегалда құран мектептері жабылуда.

Сенегалда құран мектептері жабылуда.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Африкадағы Сенегал мемлекетінің президенті Маки Саль елдегі құран мектептерін жабу туралы шешім қабылдады. Мұндай шешім шығаруға ол мектептердің қауіпсіздік стандарттарына сай болмауы негіз болған. Дакарда болған өрт кесірінен 7 мен 12 жас аралығындағы 9 баланың  мерт болуы осындай шешімнің шығуына себеп болды. 
Өрт болған жерге барып, мән-жаймен танысқаннан кейін елбасы Маки Саль қауіпсіздік ережелеріне сай емес барлық оқу орындары ешбір шағымсыз бірден жабылатынын айтқан.  Сонымен қатар, «Елдегі осындай оқу орындары анықталып, бірден жабылады және онда оқып жатқан балалар өз отбасына қайтарылады. Біз шариғатқа қарсы келмейміз, бірақ, балалардың қайыр тілеп кетуіне қарсымыз», -  дейді президент Маки Саль.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: