НТВ телеарнасының хабарлауы бойынша, Түркияда мұсылман ер адамдар шаштарын бет кескініне орнату операцияларын жасатқан. Мұсылман ер адамдар үшін сақал мен мұрт мұсылмандықтың және әдеміліктің негізгі символы болып саналатындықтан, көбісі сақал өсіруге көбірек көңіл бөледі.
Осындай операция жасату мақсатында Түркияға Таяу шығыстан бір күнде 50 адам келген. Жергілікті пластикалық хирургтың айтуынша, бұл операция түрі адамның басына шашты орнату операциясы сияқты. Ер адамның бетіне орнатылатын сақал сол ер адамның желке шашынан алынады. Бұл хирургиялық операцияның құны 2,5 доллардан 12 000 долларға дейін тұрады екен.