Қаруланған полицей қызметкерлері мұсылмандарды сақалдарын кесуге мәжбүрлеген.

Қаруланған полицей қызметкерлері мұсылмандарды сақалдарын кесуге мәжбүрлеген.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сургуттегі халал кафелерді тексеру барысында құқық қорғау органдарының бір топ  өкілдері осы кафеге келуші бірнеше ер адамды тапаншамен қорқытып, сақалдарын кесуге мәжбүрлеген. Бұл туралы Сургуттегі тәжік ұлттық автономиясының өкілі  Файзуло Аминов «Интерфакс» агенттігі арқылы мәлімдеді.

 

Куәгерлердің айтуы бойынша, 3 наурыз күні мешіт маңындағы кафеге ерекше мақсаттағы милиция жасағы (ЕММЖ) формасын киген қарулы адамдар баса-көктеп кіріп, сол кафеге келіп-кетушілерді тізерлеп отыруға бұйырған. Одан кейін күш көрсетуші полицей қызметкерлері сол жердегі үш адамды сақалдарын кесуге мәжбүрлеген, - деп түсіндірді Файзуло Аминов.  

 

Полицей қызметкерлері тағы бірнеше адамды тұтқынға алып, құжаттар тексеріліп жатқан  полиция бөлімшесіне жеткізген.  Кейінірек тұтқынға түскен адамдар босатылған. Осы іс бойынша тергеу амалдары жүргізілетін болады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: