Таулы аймақ саналатын Дағыстандағы Анди ауылының тұрғыны Ахмед Ибрагимов мүмкіндігінің шектелгеніне қарамастан, дүйім жұртты таңқалдырып жүр. Осымен үшінші жыл қатарынан шырпыдан және қағаз желімінен жасалған бірегей туындыларды халыққа ұсынып келеді.
Бұл жолы шебер мешіт ғимаратының үлгісін жасады. Жасөспірім шебердің мұндай үлгіні жасауына теледидардан көрген фильм түрткі болған көрінеді. Ол фильмде бас кейіпкер шырпыдан үйлер тұрғызған.
Осы арқылы дайын болған мешіттің үлгі жас шебер Ахмедтің туыстары мен достарына қатты ұнапты. Алғашқы кездері Ахмед өз туындысын дүкендерде сатуға шығарған. Бұл туынды көпшілікке ұнап, көптеген сұраныстар түсе бастаған, деп хабарлайды SmartNews.
Ахмед күн сайын түрлі ғимараттардың үлгілерін жинап жүр. Өзінің ең үздік туындысы ретінде ол Меккедегі мешіттің үлгісін атап отыр. Оны жасау үшін шебер он күн мен түнін жұмсаған.
Үлгілерді жасау үшін Ибрагимовтер отбасы орта есеппен 250 рубль жұмсап, 700 рубльге сатады екен. Туындылардың сапасына қарай бағасы да өсіп отырады.
Барлық жұмыстарды Ахмед тек тапсырыс арқылы ғана жасайды. Көп жадайда ол өз туындыларын достарына, таныстарына және сол туындыны ұнатқандарға сыйға береді.