13 бөлім. Пайғамбарлық басталғанға дейін Мұхаммедтің (ﷺ) адамдармен қарым-қатынасы

13 бөлім. Пайғамбарлық басталғанға дейін Мұхаммедтің (ﷺ) адамдармен қарым-қатынасы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед (ﷺ) өз жерлестерінің арасындағы ең көркем мінездісі, ең шыншылы, берген сөзіне адалы болған. Ол мүмкін болар барлық жексұрындық пен адамгершілік кемістіктен ада. Ол өз тайпасындағы адамдардың ең мейірбаны әрі беделдісі, өз көршілеріне басқалардан жақсы қараған, ең момын және әділ болған. Оны «әл-Амин» (сенімге лайық) деп атаған, оның тақуалығының және оған Алла берген мақтауға тұрарлық қасиеттердің арқасында: момындығы, сабырлығы, ризашылығы, әділеттілігі, кішіпейілділігі, пәктігі, жомарттығы, батылдығы, ұяттылығы. Мұны тіпті қас жауы Абд ад-Дар тайпасынан шыққан ан-Надр ибн әл-Харис[1] те мойындап, былай деген: «Мұхаммедке бәрі қызығатын, сендердің ең шыншылдарың және ең сенімге лайық бозбала болатын. Ал оның самайын ақ шалған кезде, не үшін келгенін айтып сендерге келгенде, сендер оған: «Сен – сиқыршысың!», - деп айттыңдар. Жоқ, Алланың атымен ант етейін, ол сиқыршы емес». Бұл сөздерді ол құрайыштармен болған жиналыста, басқа жерлерден қажылыққа келетін арабтарға не айтарларын шешіп алмақ болғандарға айтқан[2].

Византия патшасы Ираклий Әбу Суфяннан былай сұрайды: - Бұрында оның осындайды айтып бастамағанында, бір рет те болсын оның өтірік айтқанына күмәнданып па едіңіз?[3]  Ол: - «Жоқ», - деп жауап береді. Ираклий айтады: - Кімде-кім адамдар туралы жалған айтпаса, онда ол Құдай туралы өтірік айтпайды. Бұл оқиға «Сахих әл-Бұхаридің» басында келтірілген. Алла Тағала Мұхаммедті (ﷺ) жас кезінен бастап жәһилиәт дәуіріндегі  қылықтардан сақтаған, оларға кейін Шариғатта тыйым салынған. Ол пұттарды қатты жек көрген және олардың құрметіне арнап пұтқа табынушылар жасайтын той-томалақтарға ешқашан қатыспайтын. Ол (ﷺ) былай айтқан: «Мен өсіп келе жатқанда, пұттарды жек көрдім және поэзияны жек көрдім. Мен ешқашан жәһилиәт дәуіріндегі адамдар жасағандардың ешбірін жасаған емеспін, тек екі жағдайдан басқа, әр кез Алла маған оны жасатпайтын. Содан кейін ондай тілектер менде болып көрген емес, Алла маған пайғамбарлықты нәсіп етіп игілік көрсеткен кезге дейін.

Бір күні менімен бірге қой бағып жүрген жас жігітке былай айттым: «Менің қойларыма қарай тұрмайсың ба? Ал мен басқа бозбалалар сияқты Меккеге барып біраз көңіл көтеріп қайтайын деп кетіп қалдым, Меккедегі бірінші үйге жеткенімде, біреудің үйлену тойынан жеткен дабылдар мен сырнайлардың  үнін естідім. Тыңдау үшін отыра қалдым, бірақ Алла мені есту қабілетімнен айырды, ал мен болсам ұйықтап қалдым да ештеме естімей, ертеңінде күннің ыстығынан ояндым. Екінші рет менімен осыған ұқсас әлдебір нәрсе болды»[4].

Пайғамбарымыз (ﷺ) ешқашан пұтқа арналып шалынған жануарлардың етін жемеген. Шарап оның халқының арасында аса таралған болса да, ол ешқашан оны ішкен емес. Алла Тағала пайғамбарларды уахиді қабылдауға дайын болуы үшін, осы қасиеттердің бәрімен көріктендірген. Олар пайғамбарлық келгенге дейін және одан кейін де жамандықтың бәрінен сақталған. Пайғамбарлыққа дейін - оларға әзірленген ұлы міндетке дайын болуы үшін. Ал пайғамбарлықтан кейін – өз қауымының басшысы болуы үшін.

 


[1] Ол Бадр шайқасында кәпір күйінде Әли ибн Әбу Тәлібтің (р.а.) қолынан қаза табады.

[2] Қажыға келушілерге олар Мұхаммед (ﷺ) адамдарды Исламға шақырады деп түсіндірген.

[3] Пайғамбарлық басталғанға дейін.

[5] Ибн әл-Асир жеткізген. Әл-Хакім мен аз-Захаби хадисті сенімді деп санаған (Мубаракфури).

 asyldin.kz 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: