Қазан қаласындағы «Әл-Маржан» мешіті құрған «Балалар» халал орталығы өз жұмысын бастады. Мұнда балалар ойын формасында діни білімдерді алып шығатын болады. Сонымен қатар орталықта араб, ағылшын, татар тілдерін сабақтар өтіп, математика жәну дамыту пәндері бойынша дәрістер жүргізілетін болады.
Халал орталықта балалардың қызықты ойындар ойнап, сурет салып, түрлі-түсті қағаздармен жұмыс істеуіне, сондай-ақ, өз қолдарымен түрлі мүсіндер жасаумен айналысуына жақсы жағдай жасалған. Демалыс күндері орталықтағы кішкентай бүлдіршіндерге арнайы дастархан мәзірі әзірленіп, тәлімі мол діни мультфильмдер көрсетіледі.
Аударған Лаура Алмаханова.