Сауд Арабиясының астанасында бір айдың ішінде 374 адам исламды қабылдады.

Сауд Арабиясының астанасында бір айдың ішінде 374 адам исламды қабылдады.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Эр-Риядтағы Ислами білім беру қорының (IEF) хабарлауынша, осы ұйымның табандылығы арқасында 154 ер-азамат пен 220 әйел адам ислам дінін қабылдаған.
Қордың жұмысы исламға шақырудан тұрады. Аталмыш ұйым өз мақсатына жету үшін дәрістер, семинарлар ұйымдастырып, ақпараттық материалдарды мұсылман еместердің арасына, кәсіпорындарға таратады.


IEF мәліметіне қарағанда, 1993 жылы осы қор ашылғалы бері 20 мың эмигрант исламды қабылдаған. Бұл жайында  Arab News хабар таратты.
 Сауд Арабиясындағы өзге де дағуат орталықтары секілді бұл қор да исламды күштеп таңбайды. Наным-сенімі өзге адамдарға түрлі мүмкіндік беріп, исламның қадір-қасиетін танытады.
Олардың көбісі достары мен құрбы-құрдастарының, әріптестерінің себепкерлігімен исламды қабылдағанын айта кету керек.

  
 Саудиялықтардың көбісі наным-сенімі өзге біреуді тура жолға түсуіне себепкер болса, соны «өмірдегі ең үлкен жетістігім» деп санайды. Сол себепті, олар мұсылман еместердің арасына барып, ислам жайлы бар білгендерін жеткізуге асығады.
IEF-тің хабарлауынша, Сауд Арабиясында жүріп, исламды қабылдағандардың көбісі Филиппиннен, Америкадан және Еуропадан келген эмигранттар екен.


muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: