Ливия мүфтиі: Қыздарымыздың шетелдіктермен көңіл қосуына тыйым салуымыз керек.

Ливия мүфтиі: Қыздарымыздың шетелдіктермен көңіл қосуына тыйым салуымыз керек.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Ливия мүфтиі ас-Садық әл-Гарьяни Әлеуметтік саясат министрлігінен ливиялық қыздардың шетелдіктерге тұрмысқа шығуына тыйым салуын талап етіп отыр. Мейлі ол араб не мұсылман жігіті болса да. Бұл жайында Arabian Business журналының сайты хабар таратты.
Ел мүфтиі мұнысын Ираннан келген шииттердің ливиялық әйелдерді пайдаланып кететіндігімен байланыстырып отыр. Сондай-ақ, ол ливиялық әйелдердің сириялық ер-азаматтармен де көңіл қосқанына наразы.


Құзыретті орындардың мәліметіне қарағанда, шетелдіктерге тиетін ливиялық әйелдердің қатары расымен де артып келеді екен. Ливиялық әйелдерге үйленген шетелдіктердің көбісі некесін өз елдерінде қидырған. Олар осы елдегі шаруасын бітіргенше ливиялық жұбайын пайдаланып, артынан тастап кететін көрінеді.


muslim.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: