Британдық «Ньюкасл Юнайтед» футбол клубы өзінің мұсылман ойыншыларына намаз оқуға арналған арнайы бөлме бөліп берді. Ол бөлме ойыншылардың ойын алдында намаз оқуларына арнайы жабдықталған, деп хабарлайды Mirror Online.
«Ньюкасл» командасында басқа командалармен салыстырғанда мұсылман ойыншылар басымырақ.
Осы уақытқа дейін мұсылман-футболшылары басқа бөлмелерде өз ғибадаттатын орындайтын. Енді олар үшін арнайы бөлме дайындалды. Оның үстіне маңызды ойындар алдында намаз оқу біз үшін маңызды болып саналады, дейді клуб.
Қазіргі уақытта команданың жетекші жеті ойыншысы - мұсылмандар. Олар: Паписс Сиссе (Papiss Cisse), Шейк Тьоте (Cheick Tiote), Хатем Бен Арфа (Hatem Ben Arfa), Массадио Хайдара (Massadio Haidara), Мапу Янга-Мбива (Mapou Yanga-Mbiwa), Мусса Сиссоко (Moussa Sissoko) және Мехди Абеид (Mehdi Abeid).
Аударған Лаура Алмаханова.