Мұхаммед Салах өзінің туған ауылын азық-түлік және маскалармен қамтамасыз етті

Мұхаммед Салах өзінің туған ауылын азық-түлік және маскалармен қамтамасыз етті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Әлемдегі ең танымал мұсылман футболшыларының бірі COVID-19 пандемиясымен күресуге өз үлесін қосты. Мұхаммед Салах Египеттің Басюн қаласының жанында орналасқан өзінің туған ауылы Нагригте қоғамдық орындар мен көшелерді дезинфекциялауды ұйымдастырды.

«Ливерпуль» мен Египет құрамасының шабуылшысы ауыл тұрғындары үшін бірнеше тонна өнім, соның ішінде жаңа ет сатып алды, деп хабарлайды Egypt Independent.

Футболшының әкесі ұлының ауыл тұрғындарына денсаулық тілейтінін, оларды үлкен жиындардан аулақ болуға және карантин режимінің барлық санитарлық нормаларын сақтауға шақыратынын айтты.

Мұсылман футболшы кішкентай отаны үшін үнемі көмек көрсетеді. 2018 жылдың желтоқсанында оның қайырымдылық қоры жергілікті ауруханаға көп қаражат бөлді, сонымен бірге сарқынды суларды тазартатын және тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ететін станция салды. 2019 жылы тамызда Салах Египет Ұлттық Онкологиялық Институтына (NCI) 3 миллион АҚШ долларын қайтадан терапиядан кейін қалпына келтіруге көмек берді.

asyldin.kz

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: